ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Қазан 2018

Қазақ әліпбиінің латын графикасына ауысуы жағдайындағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту    

А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу»БАҰО» АҚ арасындағы серіктестік туралы Меморандумға сәйкес 2018 жылдың 24 - 28 қыркүйегі аралығында бастауыш сыныптар мен тілдік пәндер  тренерлеріне қазақ әліпбиінің латын графикасына ауысуы бойынша біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Нәтижесінде тренерлер курстан алған тәжірибесімен республикадағы жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерімен бөлісетін болады.   


   «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты базасында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалдарынан 101 оқытушы курстан өтті. (Астана, Алматы қ., ББЖ ҚБАРИ, 16 облыстық )   

      «Қазақ әліпбиінің латын графикасына ауысуы жағдайындағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсының бағдарламасы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен, А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі Институтының директоры, Үкімет жанындағы қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауысуы бойынша Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, академик, профессор, ф.ғ.д., Е. Қажыбек басшылығымен дайындалды.  

Курс барысында республикалық Ұлттық комиссия жұмыс тобының мүшелері, қазақстандық лингвист-ғалымдары  (Жанабекова А.А. – ф.ғ.д., Жумабаева  Ж.Т. – ф.ғ.к.,  Амирбекова А.Б. – ф.ғ.к., Солтанбекова А.А. – ф.ғ.к., Рысберген Қ.Қ. – ф.ғ.д., Фазылжанова А.М. –ф.ғ.к., профессор,  Базарбаева З.М. – ф.ғ.д., профессор, Амиржанова Н.С. – ф.ғ.к.)  жоғары кәсіби және ғылыми-теориялық деңгейде тренингтер өткізді.   

Курс соңында қатысушыларға А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі Институтының тренерлік сертификаты берілді.  

ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Ж. Мақатова курс ұйымдастырушыларына, лекторлар мен лингвист-ғалымдарға біліктілікті арттыру саласына қосқан ерен үлесі үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырды. 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33