ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

03 Қазан 2018

2018 жылдың 22 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ  кәсіподақ мүшелері Мұғалімдер күні қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  әсем Алатау бөктерінде орналасқан «Абылай хан» сауықтыру орталығында 1 күндік спорттық - сауықтыру демалысы ұйымдастырылды. Іс-шараны кәсіподақ төрайымы К.З.Жаксылыкова құттықтау сөзімен ашты.


Ұйымдастырылған шараға кәсіподақ мүшелері белсенді түрде атсалысып, арнайы құрылған бағдарлама бойынша алдымен тау бөктеріндегі ең әдемі жерлерге көтеріліп, табиғаттың тылсым тіршілігімен танысып саяхат жасады. Тау етегінде орналасқан көлшікке барып, ондағы аңдар мен құс бейнесіндегі ескерткіштерді тамашалап, фотоға түсті. Жастар мен үлкендер топ құрып футбол алаңына қысқа матч өткізді. Жарыстар «Арқан тартыс», «Оқтау тартыс», «Алтыбақан» сынды ұлттық нақыштағы  ойындармен жалғасты.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасын,спорттық- сауықтыру демалысын насихаттау арқылы ұйымдағы еңбек ұжымының бірлігі мен достық қарым-қатынасы нығайта түсу.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33