ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

27 Қыркүйек 2018

«Рухани жаңғыру - ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференция туралы

2018 жылы қыркүйектің 26 жұлдызында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының Жедел жоспарына сәйкес Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру - ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференция мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын жүйелеуге ықпал ету, білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу болды.

Конференцияның  жұмыс бағыттары:

  1. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі кәсіби шеберлік, тәжірибе, инновациялар;

  2. Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру;

  3. Жас ұрпаққа рухани –адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастырудың  тиімді амалдары

Пленарлық мәжілісте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Макатова Жансауле Алиевна және республикалық ЖОО өкілдері, мектеп директорлары және жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым басшылары сөз сөйледі.

Конференция жұмысына республикадан 100-ден артық білім беру ұйымдарының басшылары және педагогтары қатысты.     

Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру барысы туралы кең сындарлы сұхбат алаңына айналды.    

Конференцияның қатысушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген практикалық іс-шаралар барысында секциялық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми - практикалық конференция материалдары мен баяндамалары бойынша электронды жинақ шығару жоспарлануда. 

 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33