ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

24 Қыркүйек 2018

2018 жылдың 21 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Турдақынова К.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарда апатты жағдайлар қаупін төмендету» біліктілікті арттыратын қысқа мерзімді курсы аясында 23 мектепке дейінгі ұйымдарының  басшыларына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда апатты  жағдайлар қаупін төмендету бойынша  Отандық  және шетелдік педагогикалық  тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында апаттардың қаупін төмендету бойынша шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені талқылау.

Қаралған мәселелер:

  1. БҚО, Орал қ. №3 "Елочка" бөбекжай-бақшасында апаттар қаупін төмендету бойынша педагогикалық тәжірибе.
  2. Апаттар қаупін төмендету мәселелері бойынша Ресей тәжірибесі. 
  3. Қырғызстандағы апаттардың қауіпін төмендету бойынша тәжірибесінің ерекшеліктері.
  4. Апат  қауіпін төмендету бойынша Қытай мен Жапония тәжірибесін салыстырмалы талдау.

Дөңгелек үстел барысында көршілес және алыс шетелдердің: Қытай, Жапония, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан апаттарының қаупін төмендету бойынша тәжірибе талқыланды. Талқылау барысында педагогтар пікірлерімен бөлісті, мектепке дейінгі ұйымдардың жас басшыларының сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қарастырылып отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, мектепке дейінгі ұйымдарда апаттардың қаупін төмендету бойынша шетелдік және отандық педагогикалық  үздік тәжірибелерін зерделеу және енгізу бойынша шешімдер айқындалды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33