ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

07 Қыркүйек 2018

Базалық мектепке дейінгі ұйымымен әдістемелік ынтымақтастық туралы

2018 жылдың 6 қыркүйегінде«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Мектепке дейінгі ұйымдарында апат қаупін төмендету» тақырыбындағы әдістемелік десантты жүзеге асыру барысында«Мектепке дейінгі ұйымдарында апат қаупін төмендету бойынша курс бағдарламасының қағидаларын жүзеге асыру» тақырыбында шебер сынып өткізді. 


Шебер-сыныпты «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы К.К. Тұрдақынова Алматы қаласы Әуезов ауданы МКҚК «№57 балабақшасының»  ұжымымен бірлесе өткізді

Шебер-сыныптың мақсаты: «Қауіпсіздік сабақтары»  бағдарламасының қағидаларын жүзеге асыру барысындағы мәселелер бойынша ұжымға әдістемелік көмек көрсету.

Шебер-сынып барысында педагогтар мектепалды даярлық, ересек және ортаңғы топтың балаларымен  бағдарламаларының модульдерінің қиын терминдерді түсіндіруде ойын түрлерін пайдаланды. Іс-шараның қатысушылары курс бағдарламаларының қағидаларын мектепке дейінгі ұйымдағы балалармен апат қаупін төмендету жұмыстарының әр түрлі формаларын қарастырды. Бірлескен жұмыс қорытындысын «Шешім ағашы» әдісі арқылы  көрсетіп, бүгінгі өткен шебер-сыныптың апат қаупін төмендету мақсатында балаларға алғашқы мағлұмат берудегі маңыздылығын айтып өтті.

Шебер-сынып соңында №57 мектепке дейінгі ұйым басшысы Бельгибаева Г.А  оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелерін шешуде ББЖ ҚБАРИ-мен мектепке дейінгі ұйымдары арасындағы әдістемелік ынтымақтастықтың маңыздылығын және ұжымның осы тақырыпқа байланысты педагогикалық тәжірибесін жинақтауға дер кезінде көмек көрсеткенін атап өтті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33