ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

29 Тамыз 2018

2018 жылдың 29-тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтында Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-ші жылдығына орай ұйымдастырылған «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Конституция – тұрақтылық пен мемлекеттің дамуының негізі, әр қазақстандықтың бостандығы мен құқығының кепілдігі.

 


Біздің көпұлтты мемлекетіміздің болашағы – барлық азаматтардың толық құқығының қамтамасыз етілуімен, олардың заң алдындағы теңдіктерімен, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтауларымен тығыз байланысты.

Салтанатта Институт директоры, п.ғ.д Ж.Мақатова  құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шараға ББЖ ҚБАРИ қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамы қатысты және концерттік бағдарламамен Алматы қаласының №101 гимназиясының жас таланттары, «Дилраба» би ансамблі өнер көрсетті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33