ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

05 Шілде 2018

 Ел жүрегі – Астана   

Елорда күнінің қарсаңында 2018 жылдың 5-ші шілдесінде «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында салтанатты жиналыс болып өтті.


Әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, ББЖҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор Макатова Ж.А. еліміздің елордасының қалыптасуындағы Мемлекет басшысының рөлін атап өтті. Ұлт көшбасшысының күш-жігерінің арқасында жас елорда өзінің қалыптасуында таң қаларлықтай жетістіктерге жетті, еліміздің барлық өңірлерінің дамуына күшті серпіліс берді. Астананың құрылысы біздің мемлекетіміздің шынайы әлеуеті мен мүмкіндіктерін паш етті.

«Ел жүрегі - Астана» тақырыбында ББЖҚБАРИ «Жоғарғы мектепте білім беру және оқыту әдістемелері» кафедрасының меңгеруші міндетін атқарушы т.ғ.к., доцент Құрманов Б.К. баяндама жасады. Өткен кезеңде қаланың қарыштап дамуының, оның азаматтарының өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының артуының негізі қаланды. Қала ең  алдыңғы қатарлы идеялардың қайнар көзіне, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың,  қоғам ұйытқысының үлгісіне айналды. Бүгінгі таңда Астана біздің Тәуелсіздігіміздің рәмізі іспеттес, әрбір қазақстандықтың армандары мен үміттері осы қаламен байланысты және олар   өз  Президенттеріне шексіз риза екенін Құрманов Б.К. атап өтті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33