ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

03 Шілде 2018

Павлодар өңірлік жоғары оқу орындарының оқытушылары

заманауи педагогикалық технологиялар

бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырды

14 мамыр-9 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ   ББЖ ҚБАРИ,  «Жоғары мектепте оқыту мен білім беру әдістемесі» кафедрасы «blended learning» жүйесінде Павлодар өңірінің 50 ЖОО оқытушыларына «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Күндізгі оқу тренингтері 2018 ж. 28 мамыр-9 маусым аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет базасында өтті.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстың мақсаты жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бекітілген оқу-тақырыптық жоспар бойынша 14-27 мамыр аралығында вебинар, 28 мамыр-9 маусым – дәріс, практикалық сабақтар, тренинг және оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстар жүргізілді.

Тыңдаушылар заманауи педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі трендтерін, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру амалдары мен инновациялық білім беру технологияларын қолдануды, жоғары оқу орнының білім беру процесін жобалауды үйренді,  жоспарлау және заманауи ғылыми зерттеулер мен рефлексия негізінде жүйелі бағалау дағдылары қалыптасты, педагогикалық қызметті қарқындату жағдайындағы заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, функционалды презентациялар, пән бойынша ресурстық базаларды құру бағдарламаларды, студенттерді аралық бақылау құралдарын қолдану үйренді.

Оқу барысында тыңдаушылар курс тақырыптары бойынша портфолио құрастырып, өз жұмыстарын сәтті қорғаумен курсты аяқтады. Курс эдвайзерлері  Касимова С.Б., Алмабаева Г.О.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33