ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

03 Шілде 2018

28 мамыр 9 маусым аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша көшпелі курс өтті.

Курстың  мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде  жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту.


Курс  ЖОО педагогикалық мамандықтары оқытушыларының білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары саласындағы кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған және оқытудың  интербелсенді әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс,  тренинг, кейс әдісі, жоба әдісі, тыңдаушының оқытушымен өзіндік жұмысы, шағын топтардағы жұмыс, оқыту ойындары, кері байланыс, шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел.

Курс жұмысы барысында бүгінгі таңдағы келесі өзекті мәселелер жан-жақты талданды: педагогикалық білім беруді жаңғыртудың  ғылыми-әдіснамалық негіздері,  оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдері негізінде заманауи дәріс құруда кәсіби жобалау және модельдеу дағдыларын жетілдіру, ЖОО-да оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын және интерактивті әдістерді пайдалану білігін қалыптастыру, оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру.  


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33