ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Шілде 2018

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар

2018 жылдың мамыр айының 14 жұлдызынан 26 жұлдызына дейін «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары барысында Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің басшылары мен оқытушыларының қатысуымен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Жоғары мектептегі білім беру мен оқыту әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы семинар сабақ өткізді.


Курс тыңдаушылары семинар сабақта білім берудегі заманауи тәсілдермен, әртүрлі заманауи технологиялармен, оқыту әдістері, сондай-ақ, Б.Блум таксономиясы, ассоциограмма әдісі, жобалау әдісі, SMART-әдісі және т.б. танысты.

Өткен семинар сабақты оларды іске асыру процесін талдай келе келесі қорытындыларды шығара аламыз:

Біріншіден, топтардағы жұмыс өздерінің оң нәтижелерін береді, өзара оқытудың функцияларын орындайды, өз пікірін білдіру және пікірталас білдіру қабілетін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Екіншіден, көптеген тыңдаушылар сабаққа, пікірталасқа және талқылауға белсене қатысты.

Үшіншіден, барлық тыңдаушылар баяндамашы рөліне қатысқысы келмесе де, тыңдаушылардың жұмыстарын өзара бағалау кезінде байқауға болады.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33