ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Шілде 2018

Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 2018 жылдың 11-ші және 24-ші маусым айы аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандықтарының оқытушыларына арналған  біліктілікті арттыру «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» Бағдарламасы бойынша оқу курстары өтті.


Бағдарлама педагогикалық мамандықтары ЖОО оқытушыларының заманауи білім беру және оқыту технологиялары саласында кәсіби шеберлік деңгейін жоғарылатуға бағытталған.

Бағдарлама мақсаты педагогикалық мамандықтары ЖОО оқытушыларының жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.  

Институттың профессор-оқытушылар құрамы атынан «Жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі м.а., т.ғ.к., доцент Құрманов Б.К. пен осы кафедраның аға оқытушысы Абайдуллаева А.А. жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың  жетістіктері мен педагогикалық білім беруді жаңғыртудың  ғылыми-әдіснамалық негіздерін,  оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінігін ашып жайды.

Курстардың тыңдаушылары инновациялық білім беру технологиялары мен ЖОО оқу процесінде интерактивтік әдістерді қолдану іскерлігін қалыптастырды.

Университет басшылығы ББЖҚБАРИ профессор-оқытушылар құрамына біліктілікті арттыру курстарын жоғарғы дәрежеде өткізгендері үшін алғыс жариялады.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33