ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

02 Шілде 2018

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру барысы

2018 жылдың 11 маусымы мен 23 маусымы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты филиалы Қостанай қаласында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогтарына «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.


Курс тыңдаушылары оқытудағы проблемалық-бағдарланған, тұлғаға бағдарланған қағидаттарға сәйкес келетін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру мәселесіне арналған дәрістерге, тренингтерге және практикалық сабақтарға белсене қатысты.Курстың барысында оқытудың жобалық технологиясының міндетті компоненттері ретінде оқыту мен бағалаудың белсенді және интерактивті әдістері, кейс-стади  технологиясы қарастырылды. ЖОО-ның профессор-оқытушылары тарапынан үлкен қызығушылық танытқан орта мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге байланысты сұрақтар болды.

Жалпы алғанда, курс қатысушылары осы бағдарламаның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті және оқыту барысында қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанушылық білдірді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33