ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

27 Маусым 2018

Робототехника жетістіктері – табысқа бастар жол

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты жоспарына сәйкес 2018 жылдың 11-22.06.2018 жыл аралығында «Робототехника негіздері» тақырыбында математика, физика, информатика, бастауыш пәндері мұғалімдеріне арналған 72 сағаттық қысқа мерзімді курстар  ұйымдастырылып, өткізілді.


Курс  аясында 2018 жылдың 22 маусым күні «Робототехника жетістіктері – табысқа бастар жол»тақырыбында тыңдаушылар үшін тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты Робототехниканың мүмкіндіктерін оқу процесіне қолдану мәселелерін талқылау. Семинарды «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы  ББЖ ҚБАРИ директоры, п.ғ.д., профессор  Макатова Ж.А. ашып, цифрлық білім берудің даму жағдайында Робототехниканың мәні мен маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында Астана қаласы мен Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының мұғалімдері «Робототехника негіздері» курсынан алған білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды.

Семинарға қатысушылар Робототехниканың медицина саласымен байланысы, Робототехниканың мектепке енгізілуі бойынша педагогикалық тәсілдер, Робототехниканы бастауыш мектепке енгізу және т.б. мәселелер талқылады.     

Сонымен бірге курс тыңдаушылары тарапынан  «Өз роботыңды құрастыр» - Робототехника көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар жұмысы  «Робототехника жетістіктері – табысқа бастар жол»тақырыбындағы дөңгелек үстелмен қорытындыланып, тыңдаушылардың үздік таныстырылымдары мен баяндамалары  негізге алынып, алғыс хаттармен марапатталды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33