ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

05 Маусым 2018

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты 2018 жылдың 30 мамырында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдары директорларының бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» Бағдарламасы бойынша мектеп директорының 25 бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған  біліктілікті арттыру курсы аясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі» тақырыбында кеңес-сабақ форматында көшпелі сабақ ұйымдастырды.


Курс тыңдаушыларына мектеп тарихымен, жетістіктерімен танысуға, сондай-ақ Каримова Лиза Кәрімқызының авторлық «Абайтану» мұражайына баруға мүмкіндік туды.

«Абайтану» мұражайы директоры Лиза Кәрімқызы мектеп аясында ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлын тану арқылы оқушылардың рухани әлемін көтерудегі атқарылып жатқан өзінің жеке көпжылдық тәжірибесімен  алмасты, тыңдаушылармен мектепте өткізілен ашық тәрбие сабағының үзінділерін ұсынып, талқылады.  

Бұл іс-шара тыңдаушыларға мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша көкейінде жүрген сауалдарын талқылауда белсенді қатысуға мүмкіндік берді.  Тыңдаушылар мектеп директоры К.Б.Умбетовға және «Абайтану» мұражайының директоры Л.К.Каримоваға өздерінің шабыттары мен шексіз алғыстарын білдірді. 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33