ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Маусым 2018

2018 жылдың 4 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт кітапханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рухты асқақтатар рәміздер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусымда ресми түрде бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі, ол елдің рухани дамуына, мәдениетіне және тәуелсіздік идеясының дамуына үлес қосады. Отанға қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Мемлекеттің рәміздерін құрметтеу, оларды дұрыс түсінуге және мән беруге бағытталған. Мемлекеттік рәміздер тарихын және оның мәнін білу жастардың білім деңгейін, азаматтық көзқарасын арттыра түседі.

Көрмеде энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар,  мемлекеттік рәміздер туралы әдебиеттер ұсынылды.

 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33