ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Маусым 2018

2018 жылдың 4 маусымында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық  институты» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне байланысты «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында салтанатты жиын өткізді.


ББЖ ҚБАРИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ә.Ж.Таңатова жиынға қатысушыларды құттықтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын атап өтті.

1992 жылы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның Мемлекетттік рәміздері бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгілікке қалары сөзсіз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның Мемлекетттік рәміздері әлемнің барлық елінде танымал, бұл еліміз үшін патриоттық сезімді оятатындай зор мақтаныш. Мемлекеттік рәміздер - біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан тәуелсіздігінің қасиетті, біріктіруші бейнесін танытады.

Мемлекеттік  рәміздер  –  еліміздің  дербестігі  мен  тәуелсіздігін  күллі әлемге  жария  етуші,  әрі  мемлекетіміздің  өткені,  бүгіні  мен  болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың  рухын,  ұлттық  салт-санасын,  қаһармандығы  мен  даналығын,  болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Біздің Әнұран –  қазақ халқының бүкіл тарихын көрсететін салтанатты ән. Мұнда еліміздің басынан өткен қиындықтары, тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық күрес жайлы айтылады. Әнұранда бейбітшілік пен достықты ту еткен, бақытты болашаққа сенген халықтың ұлылығы шырқалады.

Біздің Елтаңба – бұл ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтайды.

Біздің Ту – бұл  Қазақстан халықтарының бірлігін білдіретін бұлтсыз ашық көгілдір аспан бейнесі. Бұл – еліміздің тарихы мен дамуының нышаны.

Салтанатты жиынға қатысушылар алдында Алматы қаласы №126 лицейдің дарынды оқушылары Қонақбаев Адлан мен Жанұзақов Әлинұр «Мен қазақпын», «Қазақ елі», «Бәйге», «Жаным қазақ» патриоттық әндерін шырқады.

Ісшараның белсенді қатысушыларының қатарында Оңтүстік-Қазақстан және Атырау облыстарынан келген курс тыңдаушылары болды.

Институттың кітапхана қызметкерлері «Рухты асқақтатар рәміздер» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33