ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Маусым 2018

2018 жылдың 31 мамырында «Өрлеу» БАҚО АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы мектептердің жұмысы» тақырыбында вебинар өткізді.

Мақсаты – арнайы мектеп педагог қызметкерлеріне жаңартылған білім беру мазмұны және оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттерін  түсінуде кәсіби қолдау көрсету.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шара «on-lain» режимде таратылды. Вебинар жұмысына мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, арнайы мектеп мұғалімдері қатысты.  Вебинарды директордың оқу- әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Д.Танатова ашып, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Рсладинова Ақмарал Кусаиновна модератор болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы А.К.Сабиханова,   К.Ж.Каржаубаева (ШҚО, Семей қ., «№4 Нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаты КММ» орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі),  С.Б.Шарапатова (Қызылорда облысы, «№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты КММ»  орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі),  Д.С.Куангалиева (Ақтөбе қ., «№7 арнайы (түзету) мектебі КММ» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары),  А.В.Останина (Семей қ., «көмекші мектеп-интернат КММ» мұғалімі), Э.И.Тергеубаева («Сарқанд қ., Сарқанд облыстық көмекші мектеп-интернаты КММ» педагог-логопеді) баяндама жасады.  

«Оn-lain» шараға Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстары, БҚО, Астана қаласы ПҚ БАИ  қызметкерлері, сондай-ақ Семей, Ақтөбе, Сарқанд қалалары арнайы мектептерінің педагогикалық ұжымы  қатысты.

Вебинарды өткізу барысында жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектептердің тәжірибесіне енгізу мәселелері көтерілді.

«Еркін микрофон» әдісін қолдану критериалды бағалау бойынша ұйымдастырушылық-педагогикалық мәселелерді, бағалау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдауды кең ауқымда талдауға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар қатысушыларға тақырыпты түсінуге, сындарлы пікір алмасудың өзекті мәселелерін ашуға көмек берді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33