ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

21 Мамыр 2018

2018 жылдың 18 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Тұрдақынова К.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» біліктілікті арттыратын қысқа мерзімді көшпелі курсы аясында Қостанай облысы Қостанай колледжінің базасында 25 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдірудегі тәлімгерліктің үлгісі» тақырыбында жоспарлы түрде тренинг өткізді. 


Тренинг мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін кері байланыс беру дағдыларымен жаттықтыру және тәлімгерлікте кәсіби әңгіме жүргізудің құрылымын үйрету.

Тренинг жұмысына Қостанай облысының 25 мектепке дейінгі ұйымдарының  басшылары қатысты және Қостанай облысы Білім басқармасының үздіксіз білім беру бөлімінің меңгерушісі Т.Г.Биенко қатысты.

Тренинг барысында сабақты бақылаудан кейінгі дұрыс кері байланыс беру алгоритімін, сессияға дайындық кезеңдерін және тәлімгерліктегі кәсіби әңгімелесудің құрылымдары қарастырылды. Курс тыңдаушылары жақсы тәлімгер ретінде сыналды және олардың дағдылары мен құндылықтарының қалыптасуы айқындалды.

Тренинг нәтижесінде тыңдаушылар педагогтардың біліктілігін арттырудағы тәлімгерлік үдерісінің маңыздылығын түсінді және белсенді тыңдай отырып, кері байланыс беру дағдыларын жетілдірді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33