ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

15 Мамыр 2018

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Ақтөбе қаласында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында жоспарлы курсын өткізді.


Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасы бойынша басшылардың біліктілігін арттыру тек қана жергілікті жаңалық ендіруге емес, тұтастай педагогикалық жүйені басқаруды стратегиялық тұрғыдан жаңғыртуға бағытталады,  білім беру мазмұнын стратегиялық жаңартуды ескере отырып дамыған 30 елдің қатарына қосылуды, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыруда халықаралық білім беруге даярлау қажеттілігі талап етіледі.

Сабақ барысында тыңдаушылар «Swot-талдау», «Smart-мақсат» техникасы көмегімен жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектептің оқу-тәрбе үдерісін стратегиялық және тактикалық жоспарлауды үйренді,  команда құру үшін коллаборативті орта құру;  оқушылардың білім жетістігін критериалды бағалауды қолдану; басқару мен оқыту; жоспарлау үшін АКТ-стратегияларды қолдану; тиімді басқару үшін заманауи мектептерлі медиа ресурстармен басқару; білім беру үдерісін бақылаудың тиімді жүйесін құрып қолданды.

 

ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова А.К. курсы барысында тыңдаушыларылармен Институт директоры п.ғ.д., профессор Ж.Ә.Мақатова, директордың оқу-әдістемелік орынбасары Ә.Ж.Танатовалармен қазіргі заманғы көшбасшының басқару жұмыстары бойынша сұрақтар төңірегінде пікір алысу ұйымдастырылды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33