ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

10 Мамыр 2018

2018 жылдың 23 сәуірі мен 4 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  білім  беру  жүйесінің  басшысы  және  ғылыми  педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты, «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Г.Г.Байболова жетекшілік еткен Қостанай қаласында «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында 25  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс мақсаты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалдары бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамыту.


Курс барысында тыңдаушылар экстремистік іс-әрекеттің және терроризмнің алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын, экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағытындағы мемлекеттік органдардың жүйесі мен құрылымын, білім беру саласындағы экстремистік іс-әрекеттің алдын алу шараларын басқару тетіктері мен құралдарын білді, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзыреттілік тәсілдерін, экстремистік идеология құрбандарын психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін меңгерді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33