ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

05 Мамыр 2018

Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Ақтөбе қаласында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында жоспарлы көшпелі курсын өткізді.


Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасы ең алдымен осы мәселе бойынша алдын алу қызметті ұйымдастыру мен жүргізу білім беру ұйымдары  директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларынан арнайы құзіреттілікті талап етуге арналған.

Сабақ барысында тыңдаушылар мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың тиімді түрлері мен әдістерін қолдануды, теріс пиғылды идеологияны қажетсінбеуді қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру үдерісін сауатты жоспарлауды, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастыруда теориялық және әдстемелік материалдарды қолдана алуды үйренді.

ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Кагазов Б.А. курсы барысында  тыңдаушыларыларға Ақтөбе облыстық Ішкі істер Департаментінің мұражайында экстремизм мен терроризмге қатысты тың деректермен таныстыру ұйымдастырылды.

Тәжірибелік жұмыстың келесі бөлімі «Нұрғасыр» мешінің жанынан ашылған Ақтөбе облыстық «Руханият» ғылыми музейінде жалғасты. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведев бірлесіп ашқан Рухани орталықта тыңдаушылар Ислам дінінің құндылықтарымен танысты.

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің ғылыми қызметкері С.С.Абишева курс аясында өткізіліп отырған тәжірибелік шаралардың маңыздылығына тоқталып, бейнежазба ретінде пікір білдірді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33