ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Мамыр 2018

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы

 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ. Рысқұлбекова «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» біліктілікті арттыратын қысқа мерзімді көшпелі курсы аясында  26 сәуір күні Қостанай қаласының  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Х.Хакімжанова атындағы №20 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің базасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына  арналған «Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау» тақырыбында семинар өткізді.


Мақсаты: нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінде басқару дағдыларын дамыту, тәжірибелік жұмыстарымен бөлісу.

Семинар барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жылдық жұмыс жоспарының мазмұны, мақсаты мен міндеттеріне қойылатын талаптары талқыланды.

  Семинарға қатысушылар белсенді тыңдау, педагогтармен тиімді қарым-қатынас орнату және жоспарлау дағдыларын игерді.

Семинар нәтижесінде қатысушылар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының басқарушылық қызметіндегі қарым-қатынас барысында кедергілерді еңсеруде тәжірибенің маңыздылығын атап өтті және рефлексияларымен бөлісті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33