ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Мамыр 2018

Өткізілген әдістемелік десант туралы

2018 жылдың 03 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Тұрдақынова К.К. әдістемелік десантты жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Алмалы ауданы №43 бала-бақша ұжымымен бірлесе «Жобалау әдісі мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде өтпелі тақырыптарды жүзеге асыру құралы ретінде» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.


Оқыту семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру үдерісінде өтпелі тақырыптарды жүзеге асыру мәселесі бойынша курсаралық кезеңде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

Семинар жұмысына №43 бала-бақша меңгерушісі Кожагельдиева Л.А.  әдіскері Аламанова А.С., мамандары және тәрбиешілері қатысты.

Семинар барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған Үлгілік оқу бағдарламасының білім беру бағыттарын кіріктіру нұсқаларының бірі ретінде жобалардың әдісі қарастырылды. Педагогтар жобаның түрлерімен,  құрылымы және жобаның жұмыс кезеңінің мазмұнымен танысты.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде семинарға қатысушылар әртүрлі жастағы топтар бойынша мамыр айындағы өтпелі тақырыптарды жүзеге асыру үшін кіріктірілген жобаларды әзірледі.

Семинардың қорытындысында қатысушылар оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелерін шешуде ББЖ ҚБАРИ-мен бірлесе мектепке дейінгі ұйымдары  арасындағы әдістемелік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33