ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

26 Сәуір 2018

2018 жылдың 09-20 сәуір аралығында «Өрлеу БАҰО» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтымектеп басшыларына арналған «Көшбасшылық - педагогикалық ұжымды табысты басқарудың факторы» тақырыбы бойынша «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор С.Т. Мұхамбетжанованың жетекшілігімен қысқа мерзімді курс өтті.

Осы курс аясында 13 сәуір күні Алматы қаласындағы №180 жалпы білім беретін мектепте «Заманауи білім беру ортасындағы көшбасшы қызметі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинардың мақсаты: инновациялық-әдістемелік ортада мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мәселесін талдау, әдістемелік жұмыстар тәжірибесімен бөлісу.

Мектеп директоры Б.Қ. Егемова мектебінде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Идрисова Шолпан Касымжановна жаңа форматтағы мұғалімдердің шығармашылық, инновациялық-әдістемелік жұмыстарымен, көшбасшылық тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында ықшам сабақтарды, бірлестік жетекшілері мен инновациялық әдістемелік ортаның көрмесін, коучингтерді, сыныптан тыс жұмыстарды мектеп ұжымы өте жоғары деңгейде қатысушыларға көрсете алды.

2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33