ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

16 Сәуір 2018

2018 жылдың 11 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Тұрдақынова К.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары»» біліктілікті арттыратын қысқа мерзімді көшпелі курсы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №23 ОМ базасында 27 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында психологиялық ахуал туғызу үшін басқарушылық қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. 


Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін басқарушылық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тренинг жұмысына Петропавл қаласының 27 мектепке дейінгі ұйымдарының  басшылары қатысты, сонымен қатар:

  •  «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ аға әдіскері Сәдуақасова Б. Е.;
  • «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері Ғабдуллина  Б. М. қатысты.

Тренинг барысында мектепке дейінгі ұйымдарының педагогикалық ұжымымен басқарушылық қарым-қатынасының негізгі қызметтері қарастырылды. Тренингке қатысушылар белсенді тыңдау, педагогтармен тиімді қарым-қатынас орнату және ата-аналармен өзара әрекеттесу дағдыларын игерді.

Тренинг нәтижесінде қатысушылар мектепке дейінгі ұйым басшыларының басқарушылық қызметіндегі қарым-қатынас барысында кедергілерді еңсеруде тәжірибенің маңыздылығын атап өтті және рефлексияларымен бөлісті.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33