ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

13 Сәуір 2018

ФАҚ «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»  Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты жоспарына сәйкес Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде мектеп басшыларына арналған «Білім берудегі жаңа философиялық тұжырымдамалық ойлар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару»  тақырыбында курс өткізілді.   

        


Мектеп директорлары менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сулейменованың  колоборативті орта құру шеберлігінің арқасында бір ауданда қызмет жасайтын әріптестердің бір-бірін тұлғалық тұрғыдан тани түскендерін атап өтті.

 

Курс аясында қарастырылған критериалды бағалаудың  іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқандығын байқау және тәжірибе алмасу «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізілді және  мектеп басшылары оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тәсілдерін жүзеге асырудағы кедергілер, оны шешу жолдары  туралы пікір бөлісті.

Сонымен қатар курстың тәжірибеге бағытталуын әрі қарай жүзеге асыру үшін №105 мектеп-лицейінде  «Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Курс барысында №105 мектеп-лицейінде  Lesson Study - сабақты зерттеудің жақсы жолға қойғандығы анықталғандықтан курс бағдарламасындағы ашылуға тиісті мәселелер мектептегі тәжірибемен ұштасты.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33