ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Сәуір 2018

2018 жылдың 09 сәуір күні «Өрлеу БАҰО» АҚФ  республикалық институтында мектеп басшыларына арналған «Көшбасшылық -педагогикалық ұжымды табысты басқарудың факторы» тақырыбы бойынша «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор С.Т. Мұхамбетжанованың жетекшілігімен курс басталды.


Курсқа Алматы, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, ШҚО, ОҚО, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Астана қалаларының басшылары қатынасып отыр. Курстың мақсаты жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамытуға негізделген.

Курс аясында нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану, цифрлық мектепті құрудың моделі, ақпараттық білім ортасында мектепті басқаруды цифрландыру жүйелерімен (ҰББД, egov, kundelik.kz, bilimland, khanAcademy, googledisc, Kahoot және т.б.)таныстырылып, мектеп басшыларының цифрлық құзырлылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылып жатыр. Сонымен бірге мектепті басқаруға байланысты терминдер үш тілде берілуде.

Курста мектеп басшыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін  Колб әдісі арқылы тәжірибе арқылы үйрену процесі ұйымдастырылып, практикаға бағдарланып отыр. Курс барысында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес виртуалды (online) және бетпе-бет тәжірибе алмасу процестері жүргізіледі.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33