ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

10 Сәуір 2018

Қазіргі оқытушының жаңа міндеті, баланың білім алуға және жұмыс істеуге ынталандырылатын қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда Қазақстанның барлық мектептерінде барлық керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа сыныптар ашылып, Робототехника курстары жүргізілуде.


Робототехника - автоматтандырылған техникалық жүйелерді дамытумен айналысатын қолданбалы ғылым. Робототехника электроника, механика, программалау, физика тәрізді пәндерге сүйенеді.

Қазіргі заманғы өндіріс пен өнеркәсіпте осы салада білімі бар мамандар сұранысқа йе. Міне осындай мамандарды дайындау, олардың жастайынан мектеп кезінен басталуы тиіс. Сондықтан мектептегі робототехника бүгінгі күнгі өте өзекті және маңызды мәселе болып табылады.

ФАҚ  «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»  Қазақстан Республикасы Білім Беру Жүйесінің Басшы Және Ғылыми-Педагогикалық Қызметкерлерінің Біліктілігін Арттыратын Республикалық Институты Үржар ауылында Робототехника мамандарын даярлау үшін «Робототехника»курстарын ұйымдастырды.

Екі аптаның көлемінде облыстың 26 мектебіндегі физика, математика және информатика мұғалімдеріне тәжірибелі жаттықтырушы ББЖ ҚБАРИ А.Е.  Сарсенбаева курс өткізді.

Осы уақыт ішінде теориялық және тәжірибелік дағдылар төмендегі бөлімдер бойынша:

- «Робототехниканың негіздері» - (5-7 сынып)- - LEGO Mindstroms EV3 конструкторі негізінде

- «Робототехника» - (8-10 класс) Arduino UNO R3 микроконтроллерінің негізінде оқытылды.

Курс барысында Робототехниканы оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар берілді, сонымен қатар білім алушылардың өзара қарым қатынас дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдері және жалпы тапсырмаға кіретін жеке тапсырмаларды шешу бағыттары үйретілді.

Нәтижесінде курстар мұғалімдерге өздерін жетілдіруге, жаңа идеяларды дамыту және болашақта «Робототехника курсы үшін маңызды» болып табылатын «Сатылай» оқытудың негізгі қағидатын үйренуге мүмкіндік берді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33