ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

09 Сәуір 2018

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Ақмола облысы Қорғалжын ауданында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» тақырыбында жоспарлы көшпелі курсын өткізді.


Курс мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына ұйымдастырылып отыр. Өткізіліп отырған сабаққа аудандық Мәслихат депутаты, облыстық білім басқармасының мамандары мен аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты.

2018 жылғы 4 сәуір Астана уақыты бойынша сағат 18:15-те «Қазақстан-Көкше» ұлттық телеарнасы Қорғалжын өңірі туралы арнайы репортаж жасап, оның аясында осы өлкеде ұйымдастырылып отырған республикалық курс туралы тоқталды. Хабар барысында ББЖ ҚБАРИ аға оқытушысы Бақтыбек Қағазов сұхбат беріп, біліктілік арттыру курстарын өткізудің өзектілігі туралы айтты. Тыңдаушылар да осындай шараның ұйымдастырылуы мен тиімділігі үшін ББЖ ҚБАРИ ұжымының оқытушылары мен куратор Б.А. Қағазовқа алғыстарын білдірді.

Аудандық мәслихат депутаты Балабекова  Гүлжамал  Шакаровна курсқа қатысқанын айтып, тақырыптардың өзектілігіне, ондағы тәсілдердің мектеп басшысына тән құзыреттіліктерді қалыптастыруға көмек болатынына тоқталды.

Аталған курс тыңдаушылардың тәжірибелік-бағдарлы амалдарды игеруіне,  қорларын түрлі ресурстармен толықтырып, белсенді әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелеріне қолдануларына мүмкіндік беріп отыр.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33