ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

06 Сәуір 2018

2018 жылдың 05 сәуір күні «Өрлеу» ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы институттың курстық жоспарына сәйкес «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы аясында Астана қаласы №26 мектеп-гимназиясы базасында «Тәрбие мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық ұжымның тәрбиелеу үрдісін жетілдіру» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.


Іс-шараны №26 мектеп-гимназия директоры Карлыгаш Есимхановна Жангазакова кіріспе сөз сөйлеп ашты. «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушы А.Т.Сахова тәрбие мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің тәрбие үдерісін басқару тақырыбында қатысушыларымен бірлесе интербелсенді формада тәжірибе алмасты.

Курс тыңдаушылары топтарға бөлініп ашық тәрбие сағаттарына қатысып, өз ойларын ортаға салып талқылады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Маулетпаева педагогикалық ұжымның тәрбиелеу үдерісін жетілдіру бойынша тренинг жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Қорытындысында курс тыңдаушылары тәжірибе алмасу алаңында зияткер ұлт қалыптастыруда тәрбие мазмұнын жаңартудың маңыздылығын атап өтіп,  педагогикалық ұжымның әлеуетін арттыруда құнды ойларымен бөлісіп, іс шараның  практикалық мәнін жоғары бағалады.

 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33