ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

06 Сәуір 2018

2018 жылдың 5 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Турдақынова К.К. «Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың инновациялық амалдары» біліктілікті арттыратын қысқа мерзімді көшпелі курсы аясында Астана қаласының  25 мектепке дейінгі ұйымдарының  басшыларына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарының қызметін басқару және бақылауды ұйымдастырудың жаңа амалдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының басқару дағдыларын жетілдіру үшін басқару мен бақылауды ұйымдастырудағы жаңа амалдарды талқылау.

Қаралған мәселелер:

- мектепке дейінгі ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін бақылауды ұйымдастырудың жаңа амалдары;

- мектепке дейінгі ұйымда тақырыптық бақылауды ұйымдастырудың заманауи әдістері;

- мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының жедел бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері;

- мектепке дейінгі ұйымның денсаулықты сауықтыру жағдайы бойынша әдістемелік және медициналық қызметтердің нәтижелерін бақылау және талдау;

- түзету кабинетінің қызметін бақылау үдерісінде мектепке дейінгі ұйымның барлық қызметтерінің өзара әрекеттестігі;

- мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының бақылау-аналитикалық жұмысына ата-аналарды тарту.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласының 25 мектепке дейінгі ұйымдарының  басшылары қатысты, сонымен қатар:

  • Астана   қаласының    Білім   беруді  жаңғырту   орталығының  директоры Г.К. Ибраева; 
  • Астана   қаласының  Білім   беруді  жаңғырту   орталығының    мектепке  дейінгі   тәрбие  және білім  беру  бөлімінің  бастығы  А.Н.Нугман;
  • Сырбай Мауленов атындағы № 37 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курбанов Б.К. шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында  мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының бақылау-аналитикалық функциясына жаңа тәсілдерді енгізу, басқару және бақылауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында тәжірибелі педагогтар инновациялық тәжірибелерімен бөлісті және мектепке дейінгі ұйымдардың жас меңгерушілерінің сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында қатысушылар талқыланатын мәселенің маңыздылығын атап өтті және мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының бақылау функцияларын жетілдіру жөнінде шешім қабылданды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33