ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Наурыз 2018

19 ақпан - 02 наурыз  аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  білім  беру  жүйесінің  басшысы  және  ғылыми  педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты, мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарларына арналған «Мазмұнды жаңарту аясында мектеп тәжірибесіндегі коучинг пен тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбында курс ұйымдастырылды.


Курс барысында 2018 жылдың  28 ақпанда «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  білім  беру  жүйесінің  басшысы  және  ғылыми  педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты мен Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық физика-математика мектеп-интернаты бірлесіп «Білім-берудің жаңа мазмұны» атты республикалық семинар өткізді. Алғы сөзбен семинарды ашқан мектеп-интернат директоры Әбілдаев Әділ Әбілдәұлы, орынбасарлары: Молдаханова Л.М., Абуова А., Амиренов А. Курс жетекшісі Кемешова А.М. Алғы сөзбен семинарды ашқан мектеп-интернат директоры Әбілдаев Әділ Әбілдәұлы, орынбасарлары: Молдаханова Л.М., Абуова А., Амиренов А. Курс жетекшісі Кемешова А.М.

Семинар барысында «Электр тогының қуатына байланысты есептерді талдау және шешу» 8 сынып, «Тригонометрия әлемі» 9 сыныптарда ашық сабақтар, «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ҚМЖ» атты коучинг сессия өткізілді. Сонымен қатар тыңдаушылар «Жүйелі тәлімгерлік үдерісі табысты мұғалімнің кепілі» тақырыбына тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың мақсаты: әдістемелік жұмыстың тиімділігін жетілдіруге ықпал ететін,  коучинг пен тәлімгерлікті тәжірибеде жаңа әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісі мәнінде директордың  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33