ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Наурыз 2018

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  білім  беру  жүйесінің  басшысы  және  ғылыми  педагогикалық  қызметкерлері  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институтында мектеп директорына арналған «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы  білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында курс ұйымдастырылды.     

  


Соның ішінде республиканың 9 аймағынан: Астана мен Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қызылорда облыстары тыңдаушылары қатысты. Курс мазмұны директорлар қызметтерінің нормативтік, басқару, технологиялық аспектілерін қамтыды. Тыңдаушылар инклюзивті білім берудегі тәжірибелік қырларын жүзеге асыруда ерекше қызығушылық танытты.  Мектеп директорларына арналған сабақтар тәжірибелі-бағдарлы  режимде ұйымдастырылды.

Сондай-ақ курс барысында тыңдаушылар ББЖ ҚБАРИ білім беруді дамыту мұражайы мен  №4 арнайы мектепке болды, Алматы қаласының көркем-көрікті жерлерімен танысты. Сауалнамаларда курс тыңдаушылары оқытудың өзектілігі, мазмұндылығы, тәжірибелік бағыттарының басымдылықтарын атап көрсетті. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша Астана және Петропавл қалаларында тәжірибелік семинар өткізуге ниет білдірді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33