ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

07 Наурыз 2018

2018 жылдың 6 наурыз күні «Өрлеу» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ КБАРИ) «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәрбие мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектептегі тәрбиелеу үдерісін жетілдіру»  тақырыбында Алматы облысының Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымына мектептің тәрбие үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік десант өткізілді.


 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік десанттың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа амалдарын жобалауда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Әдістемелік десант жұмысына аудандық білім басқармасының әдіскері Аденова С.С., директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры А.Д. Калыбаева іс-шараны ашып, орта жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне орай  өзткізіліп жатқан іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

  

 

 

 

  

 

 

 

 

Кафедра оқытушылары білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруде: жаңартылған бағдарлама бойынша ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ әзірлеуде бағдар беру, талдау, кәмелетке толмаған балалар арасында суицидті мінез-құлықтың алдын алу, тәрбие жоспарындағы SMAPT мақсат пен SWOT талдаудың тиімді әдістері бойынша шығармашылық топтарда шеберлік-сынып, коучингтер өткізді.  

Қатысушылар өнімді ынтымақтастық пен кәсіби даму үшін кездесулерді жүйеге келтіруге ниет білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия барысында қатысушылар бірлескен жұмысқа қанағаттанғандықтарын білдірді және ББЖ ҚБАРИ оқытушылары мен қызметкерлері тарапынан әдістемелік қолдауды талап ететін проблемалық бағыттарды анықтады.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33