ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

05 Наурыз 2018

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында  2018 жылдың 19.02-02.03 аралығында «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы 25 орта білім беру ұйымдарының директорларына арналып өткізілді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама орта білім беру ұйымдарының директорларының кәсіби біліктілігін арттыруға, білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру ұйымдарында инновациялық педагогикалық жүйені тиімді басқару үшін педагогикалық менеджмент сапасын жүйелі түрде стратегиялық жаңалауға, даярлауға бағытталды.  

«Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан», Қазақстанның даму бағдарламаларына негізделген курс тақырыптары  өзекті, логикалық байланыста  тәжірибеге бағытталған және жаңартылған білім беру мазмұны мәнін айқындады.

Курс кураторы ББЖ ҚБАРИ  «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова Кенжегүл Зарлыханқызы іскерлік ұйымдастырушылық қабілеті арқылы білім беру ұйымдары басшыларын бір коллаборативтік ортаға жұмылдыра білді.

Курс барысында мектеп директорлары Сагатова Г.Б. (Алматы облысы), Акшалов Е.К. (Қызылорда облысы), Сихамбекова Ж.А.(ОҚО) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша республикалық «Шалқар FM» радиосындағы «Құтты қонақ»  бағдарламасының тікелей эфирінде өз пікірлерімен бөлісіп, радиотыңдаушылардың мұғалім беделін көтеру тақырыбындағы мәселеге байланысты көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Тәжірибе алмасу мақсатында  №54 мектеп-лицейінде «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы оқушыларды тәрбиелеу мен білім сапасын қамтамасыз етуде мектеп басшысының жауапкершілігі», №148 мектеп - гимназиясында  «Жаңа талапқа сай – жаңа мектеп», №15 облыстық мектеп интернатында «Мұғалімнің тәжірибесін жетілдіру - болашаққа бағдар» тақырыптарында семинар – тренингтер, шеберлік кластары  ұйымдастырылып, курстағы теория мен тәжірибенің сабақтастығы байланысын сақтай отырып үлкен маңызға ие болды.   Мектеп басшыларына басқару мәселелері бойынша іс-тәжірибе алмасу үшін практикалық тәжірибе алаңы ұсынылды. Семинар жұмыстары дөңгелек үстелдермен қорытындыланды.

Сондай-ақ  курс аясында тыңдаушылар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Орталық ұлттық, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев атындағы мұражайларды аралады.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары ББЖ ҚБАРИ басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына  курсты тиімді  ұйымдастырғаны және  табысты оқытуы үшін ризашылықтарын білдіріп алғыс тілектерін айтып тарқасты.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33