ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

01 Наурыз 2018

2018 жылдың 28 ақпан күні «Өрлеу» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы мен Қарасай ауданының«Кемертоған орта  мектебі» ұйымдастырумен   «Жаңартылған білім мазмұны негізінде оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары» республикалық семинар-практикум өткізілді.


Іс-шараны Қарасай ауданының білім бөлімінің басшысы Г.Т. Такимова кіріспе сөз сөйлеп ашты. Семинар жұмысына «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары (Тайтанова Н.К., Маханбетова А.А., Жаксым О.И., Сахова А.Т.), Қазақстанның 6 аймақтың мектеп директордың орынбасарларыжәне Қарасай ауданының  Білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында оқушылардың оқу-тәрбие жетістігін бағалау мәселелері, қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері талқыланып, талданды; жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша кеңестер беріліп, табыс критерийлерін құру мен оқушыға кері байланыс беру бойынша практикалық сабақтар көрсетілді.

ББЖ ҚБАРИ профессор-оқытушы құрамы мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде шебер-сынып, коучинг өткізді:  Lesson study сабақты зерттеу тәсілі, жоспарлау әдіс-тәсілдері (ОМЖ, ҚМЖ), CLIL  (пән мен тілді кіріктіре оқыту), оқу-тәрбие процесінде жаңа технология  “Google form”  және “Kahoot”.

 «Ашық микрофон» барысында  семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты.

 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33