ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

21 Ақпан 2018

2018 жылы ақпан айының 21-де «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы  Қазақстан Республикасы  Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жоғары мектептегі білім беру мен оқыту әдістемесі» кафедрасы «ЖОО жұмыс тәжірибесіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізу» атты тақырыбында  республикалық ғылыми-тәжірибелік он-лайн конференциясын өткізді.


Конференцияның негізгі мақсаты – «Жоғары мектептегі білім беру мен оқыту әдістемесі» кафедрасының 5-жылдық жұмысы нәтижелерін талдау, қорыту, біліктілікті арттыру бағдарламысын жетілдіру және инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясындағы үздік педагогикалық және әлемдік тәжірибелерді тарату, оларды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу.

Конференция жұмысына республикамыздың  9 қаласының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатыстып, өз ойларын ортаға салды.

Жасалған баяндамалар тақырыбы мен мазмұны жоғары білім беру жүйесі алдында тұрған өзекті проблемаларды кең түрде көтерді. 

Конференция жұмысы барысында жоғары оқу орындары практикасына қазіргі педагогикалық технологияларды енгізудің бүгінгі жағдайы мен проблемаларын қарастыра келе,  басты назар жоғары оқу орындары мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы  Қазақстан Республикасы  Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының өзара кірігуі мәселесіне аударылды.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33