ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

21 Ақпан 2018

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы Республикамыздың кез келген азаматына маңызды оқиға болып табылады. 2018 жылдың 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Өрлеу» ҰБАО АҚ жетекші және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтында  дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстелдің ашылуын «Өрлеу» ҰБАО АҚ-ның директоры, п.ғ.д, профессор Ж.А.Мақатованың құттықтау сөзімен басталды.

Талқылау барысында баяндамашылар: № 26 КММ жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары К.М.Жайлырганова, Алматы қ., Жамбыл облысының Жаңатас қ., Абылайхан орта мектебінің директорының орынбасары Әлімбекова А.Б.; ОҚО, Шымкент қ., № 85 жалпы орта мектебінің директоры Сихамбекова Ж.А.; ОҚО, Бәйдібек ауданы, Мәдинет ауылы Мымбұлақ мектебінің директоры Ақбергенов С.Д.; Қызылорда қ. облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының директоры Акшалов Е.К.

Алматы қ. №25 гимназияның директоры Ғ.Ә.Аманбай «Нақты практикалық іс-қимыл бағдарламасы барлық қазақстандықтарға, бірінші кезекте, зиялылардың жетекші бөлігі болып табылатын мұғалімдерге қатысты», - деп атап өтті. №16 жалпы білім беретін мектеп КММ-нің директоры А.З. Момынқұлова «Елбасы Жолдауында педагогикалық қызметкерлер педагогикалық қызметкерлерге «Адами капитал - білім берудің жаңа сапасын жаңғыртудың негізі» және жетілдірілген цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне ендірудің жетінші бағытының басым міндеттерін іске асыру үшін маңызды педагогикалық жұмыстар жүргізеді», - деп атап өтті.

Дөңгелек үстелдің соңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы С.С.Бекетаева шақырылған қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және дөңгелек үстел модераторларна,  «Ақпараттық технологиялар және менеджмент» кафедрасының  аға оқытушылары А.С.Тенге және К.З.Жақсылықоваға алғысын білдірді.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33