ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

14 Ақпан 2018

2018 жылдың 15 ақпан күні «Өрлеу» ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастырумен Алматы қаласы №176 гимназиясының педагогикалық ұжымына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы  аясында «Адами капитал – жаңғыру негізі» және «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылау бойынша  семинар-тренинг өткізілді.

  


    Іс-шараны №176 гимназия директоры Гулбағда Есейханқызы кіріспе сөз сөйлеп ашты. «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары, (п.ғ.к. А.А.Маханбетова, аға оқытушы А.Т.Сахова) семинар-тренингтің қатысушыларымен бірлесе интербелсенді формада Елбасы Жолдауын және «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылады.

   Елбасы Жолдауындағы жетінші басымдыққа ерекше назар аударылды, оның ішінде ақпаратты дербес іздеу дағдысын дамыту, сыни ойлауды қалыптастыру, отаншылдыққа тәрбиелеу,  үштілді білім беруге  кезеңмен көшу мәселелері түсіндірілді.

   Семинар-тренинг қатысушылары «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тарихи маңыздығын атап өтті, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын Қазақстан Республикасының әрбір азаматы зерттеп білу қажеттігі жөнінде ой бөлісіп, Жолдауда Елбасы көрсеткен  негізгі міндеттерді жүзеге асыруға дайындығын айтты.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33