ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

28 Желтоксан 2017

«Шын жүректен»

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт қызметкерлері 2017 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласы  № 2 «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы»  мүгедек балаларды Жаңа жылмен құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетті.


Орталық стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған мекеме, ұйымдық-құқықтық түрде құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес медико-әлеуметтік ұйым болып табылады. Орталық өз жұмысында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын басшылыққа алады.               

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру кеңістігіне, әлеуметтік демеу көрсету саласында балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, психологиялық-медициналық-педагогикалық және коррекциялық көмек білім беру кеңістігінде мамандар мен ата-аналардың мәселелерін шешуге ұстаздар қауымымен біріге жұмыс атқару қажет.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33