ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

15 Желтоксан 2017

Тәуелсіздік-тұмарым, Мәңгілік ел-тұрағым

2017 жылдың 15 желтоқсанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күнін мерекелеуге арналған «Тәуелсіздік-тұмарым, Мәңгілік ел-тұрағым» тақырыбында салтанатты жиын өтті.


Институт әкімшілігіТәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, филиалдың қызметкерлеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқармасының 5 жылдығына арналған құрмет грамоталарын және Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбындағы Республикалық байқауында сарапатама кеңесінің құрамында атқарған қызметтері үшін алғыс білдірген хаттарын табыс етті.

Еліміздің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнінің құндылығын, ел дамуының бағыт-бағдарын насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік ерлігім», «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» атты бейнефильмдер ұсынды.

Институт қызметкерлеріне викториналық сұрақтар қойып, ойын ұйымдастыру арқылы Тәуелсіз Қазақ елінің символын айқындайтын нышандар жасатты.

Салтанатты бас қосуда Алматы қаласының №57, 133 жалпы білім беретін мектеп  оқушылары өздерінің ән-шашуларын тартты.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33