ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

12 Желтоксан 2017

«Өрлеу»  Біліктілікті  Арттыру  Ұлттық Орталығы АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институтының Деңгейлік бағдарламалар орталығы2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні Астана уақытымен  сағат 10.00-да ҚР ББЖ ҚБАРИ-та екінші (негізгі) деңгей және «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификатталған мұғалімдерінің қатысуымен «Мен және менің коучингім» байқауының қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің сертификатталған мұғалімдерімен он-лайн режимінде он-лайн форум өткізді.


Республикалық он-лайн форумды өткізудің негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында ең үздік коучингтік тәжірибені анықтау және олардың коучинг-сабақтарының бейнебанкін құру және тәжірибелерін жетілдіру үшін ДБО тренерлерінің кеңес беруі, көмек көрсетуі болып табылады.

Форум аясында ДБО тренерлері  С.Б.Касимова, Г.А.Биомарова, Б.А.Кағазов, К.К.Турдахунова, А.К.Сабиханова мұғалімдермен кәсіби әңгіме жүргізіп, коучинг-сабақты өткізу тәжірибесін жетілдіру бойынша өзекті мәселелер талқыланды және мектепте коучинг ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді.

Он-лайн форумға Қазақстан  Республикасының барлық аймақтарынан сертификатталған мұғалімдер қамтылды. Сонымен бірге байқауға қатысушы мұғалімдер байланысқа шығып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ДБО тренерлері он-лайн форумға қатысушы  мұғалімдердің тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жасады.


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33