ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

11 Желтоксан 2017

2017 жылдың 7-8 желтоқсанында «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ –ның 5 жылдығына арналған білім беру ұйымы басшыларының «Табысты менеджер - 2017» І Республикалық байқауын өткізді.

 


Байқауды ұйымдастыру мақсаты - шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және ҚР білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау.

Байқау «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруаясында өткізілді.

Байқау жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептердің (әрі қарай ШЖМ), техникалық және кәсіби білім беру (ТжКБ), жеке білім беру ұйымдары басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталды.

Республикалық байқау 3 кезеңді қамтыды:

І кезең (аудандық) аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің базасында 2017 жылдың 25-26 қазан айында өткізіліп, 395 үміткер қатысты.

ІІ кезең (облыстық) облыстық, Алматы, Астана қалалық әдістеме бөлімдерінің базасында 2017 жылдың 15-16 қараша айындаөткізіліп, 106 үміткер қатысты.

ІІІ кезең (республикалық) 2017 жылдың 7-8 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институт (әрі қарай ББЖ ҚБАРИ) базасында өткізіліп, оған Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес орта білім беру ұйымдарынан: 12 -жалпы білім беретін, 8-ШЖМ, 6-ТжКБ ұйымдары басшылары қатысты.

Байқаудың ашылу салтанатына «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқармасының Бірінші орынбасары, п.ғ.д., профессор Ж.А.Караев, «Қазақстан мектебі» Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы, п.ғ.к. С.Х.Бектенгалиева, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері А.Т.Миразова қатысты.

Әбір секция бойынша («Мектептің табысты менеджері», «ШЖМ табысты менеджері», «ТжКБ табысты менеджері») байқаудың барлық кезеңдері online режимінде трансляция жасалды.

«Қазақстандық информатика мұғалімдерінің қауымдастығы» Республикалық байқаудың бірлескен құрылтайшысы болды.

«Табысты менеджер - 2017» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі кезінде дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сонымен бірге ББ ұйымдары басшыларының Республикалық «Табысты менеджер-2017» байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймыз!


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33