ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

04 Желтоксан 2017

«Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы»

2017 жылдың 30 қарашасында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - мемлекеттік мерекесіне арналған «Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында Республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Аталған іс-шараны «Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасы» мен «Жоғары білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық» бөлімі ұйымдастырды.


Семинар-кеңес  Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, Ұлт жоспары-«100 нақты қадамын»,  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы»үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейдегі педагогикалық кадрларының кәсіби дамуының жоғары сапасын қамтамасыз етуде педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа моделін құру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Семинар-кеңестің жұмысына республикамыздың жоғары оқу орындарының: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің, С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің, Алматы менеджмент университетінің, Қазақ жол-қатынастар университеттерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар семинарда Ала-Тоо Халықаралық университетінің проректоры, п.ғ.к., доцент Зеки Пекташ (Қырғыз Республикасы) баяндама жасады.

Семинар-кеңесте инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, инновациялық педагогикалық технологияларды жетілдіру және оларды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде енгізудегі озық педагогикалық және әлемдік тәжірибені тарату шеңберінде инновациялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушылар, сондай-ақ инновация жағдайында жұмыс істейтін педагогтардың практикалық қызметін сараптауды, оқу үдерісіне инновациялық жобаларды енгізудің басым бағыттарын көтерді.

ББЖҚБАРИ-дың  фойесінде семинар-кеңеске қатысушыларға Елбасының өмірбаяны мен тәуелсіз Қазақстанның тарихының атаулы сәттері көрсетілген  фотокөрме ұсынылды.

Семинар-кеңеске қатысушылар ұйымдастырушылар мен институт басшылығына алғысын білдірді, сондай-ақ жоғары мектепте оқытудың инновациялық әдістерін тиімді пайдалану бойынша мұндай тәжірибе алмасудың олар үшін үлкен практикалық маңызы бар екенін атап өтті.

Республикалық семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33