ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

17 Қараша 2017

2017 жылдың 15 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ «Кохлеарлық имплантациядан кейін балалармен түзету жұмысы» тақырыбында республикалық  ғылыми-әдіснамалық on-line семинар өткізілді. Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қатысты.


Аталған семинардың модераторы  А.Н. Сакаева тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Семинар жұмысын Қарағанды біліктілікті арттыру институтының директоры Муканова Саулеш Димкешевна ашты. С.Д. Муканова өзінің кіріспе сөзінде инклюзивті білім беруді енгізу бойынша Қарағанды облысының республикалық эксперимент алаңы екендігін айтып өтті. Әлеуметтік тапсырысты орындай отырып, Қарағанды облысының Білім басқармасы мен Қарағанды біліктілікті арттыру институты ерекше қажеттілігі бар балаларды, оның ішінде, есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі үздік тәжірибені меңгеру мен тарату бойынша серіктестік қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтеріліп отыр. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарындағы есту қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім беру үдерісі кең қанат жайып, Қарағанды облысы мен Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының білім беру кеңістігінде тұрақты үрдістік сипатқа ие болып келеді.

«Варианты образовательных маршрутов для детей с кохлеарным имплантом» баяндамасымен «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ жоғары санатты сурдопедагогі, дефектология магистрі Кайралапова Раушан Кудайбергеновна сөз алды. Р.К. Кайралапова түрлі білім беру ұйымдарындағы (жалпы білім беретін мектептер, арнайы мектеп-интернаттар) кохлеарлық имплантациямен балаларды анықтау бойынша ПМПК жұмысының мазмұныны ашып көрсетті.

Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Қостанай қалалық ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға арналған №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ дефектолог мұғалімдері – Пермякова Марина Петровна, Бойко Елена Александровна кохлеарлық имплантация отасының алдында балаға дербес түзету жұмыстарын көрсету тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, аталған балалар санатымен жұмыс жасайтын дефектолог мұғалімдерге арналған бағдарлама аса назар аударатын жұмыс екен.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кохлеарлық импланты бар балаларды түзету тәжірибесімен арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері таныстырды. Олар:

Омар Бахыт Сарсенбаевна, №53 «Алмагуль» бөбекжайы КМҚК директоры, Қарағанды қ., Чолакиди Татьяна Ивановна, дефектолог мұғалім;

Скуридова Елена Анатольевна, жоғары санатты логопед мұғалім, Қарағанды облыстық Білім басқармасы «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат» КММ, Теміртау қ.;

Кабдрахманова Ляйля Бейбитовна, Қарағанды облысы Білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ директоры, Голубева Марина Николаевна, директордың орынбасары, Сафиулина Наталья Викторовна, бастауыш сынып мұғалімі, Михеева Светлана Валерьевна, есту жұмысы мұғалімі.

Семинар жұмысына Астана қ. №65 мектеп-гимназияның бірінші санатты дефектологі Бакыт Рауан Зарипкызы қатысты. №65 мектеп-гимназия инклюзивтік тәжірибені 2010 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда мектепте 23 есту қабілеті бұзылған оқушылар оқиды, олардың 15-не кохлеарлық имплантация отасы жасалған.

Семинарға қатысушылар дефектология магистрі, Халықаралық университет докторанты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ. «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК кохлеарлық имплантация жүйесі бар балалардың есту-сөйлеуін оңалту бойынша үйлестірушісі Саякова Анжела Мырзагалиевна, сондай-ақ аталған ұйымның дефектолог, әлеуметтік психологі Аншакова Виктория Владимировналардың баяндауларын қызығушылықпен тыңдады. Анжела Мырзагалиевна мен Виктория Владимировна кохлеарлық имплантация жүйесі бар балалардың есту-сөйлеулерін түзету, олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша Орталық қызмектерлерінің қызметі туралы әңгімелеп берді.

Семинар соңында қатысушылар «еркін микрофон» режимінде кохлеарлық имплантация жүйесі бар балаларды сауықтыру бойынша педагогикалық қызмектерлерді кәсіби қолдау және тәжірибе алмасу үшін аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33