ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

17 Қараша 2017

2017 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласындағы Орталық мұражайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Н.Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» атты төрт тақырыптық бөлімнен құралған: «Көшбасшы жолы», «Көшбасшы феномені», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» және «Әлем таныған көшбасшы» көрмесі өтті.


Көрменің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының әлемге танылған, экономикасы қарқынды дамыған, ірі экономикалық, өндірістік, ғылыми, мәдени, заманауи мемлекет қалыптастыруындағы рөлін жүйелі түрде көрсету болып табылады.

Көрмеге ББЖ ҚБАРИ-дың ұстаздары, мұражай және кітапхана қызметкерлері барып, үлкен әсер алып қайтты. Қонақтар назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапхана қорының архивтік құжаттары, кітаптар мен түрлі жәдігерлердің топтамасы ұсынылды. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихи-деректік жылнамасы ауқымды ақпараттық ресурстар арқылы көрсетілді.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33