ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

17 Қараша 2017

Заманауи педагогтің жеке бренді және  көшбасшылығы 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 17 қарашасы күні № 176 мектеп-гимназиясы базасында «Заманауи педагогтің жеке бренді және  көшбасшылығы» атты шеберлік сыныбы  өткізілді.


Заманауи педагогтің рөлі мен жеке брендін қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру негізінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Педагогикалық шеберлік сыныбы жұмысын №176 мектеп гимназия  директоры Гүлбағда Есейханқызы Аденова  кіріспе сөз сөйлеп ашты.

ҚР ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушылары, п.ғ.к. А.А. Маханбетова, А.Т. Сахова мектеп-гимназия педагогтерімен шеберлік сыныбын жүргізді.

Іс-шара барысында педагогтер көшбасшылық дағдылары, заманауи педагогтің беделі, жеке даму бағдары туралы ой бөлісті. Тренингтер жүргізіліп, мектептің дамуында көшбасшылықты дамытудың маңыздылығына мән берілді. Шеберлік сыныбына гимназияның пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог пен психологтар қатысты.  Шара соңында мұғалімдер қауымы іс-шараны қорытындылап, кері байланыс кезінде  осындай іс-шаралардың жиі өтуіне ұсыныс айтып, алғыс білдірді.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33