ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

14 Қараша 2017

Эмоционалды интеллектінің тіл мәдениетін дамытудағы ролі

2017 жылы 10 –қыркүйекте   «Жоғары мектептегі білім беру мен оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы  Ж.И.Сардарова ұйымдастыруымен 44–топ тыңдаушылары арасында «Эмоционалды интеллектінің тіл мәдениетін дамытудағы ролі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның негізгі мақсаты – эмоционалды интеллектінің тіл мәдениетімен тығыз байланысын ашу, өзінің және өзгенің эмоциясын түсіну мен басқаруда тілдік қарым-қатынастың, шешендік өнердің  ролін негіздей отырып, өзара тәжірибе алмасу. 


Дөңгелек үстелде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ұлықпанова Әлия Жолдасқалиқызы «Тіл мәдениетін қалыптастырудағы шешендік шеберліктің ролі» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамада тыңдаушы ЖОО оқытушылары үшін өзекті болып табылатын мұғалімнің шешендік шеберлігін қалыптастырудың негізгі кезеңдері, белсенді әдістері мен технологиялары жете ашылып, өзінің  мол тәжірибесінен шеберлік сыныбын көрсетті.

Шараға қатысқан кафедра оқытушылары  т.ғ.к., доцент Б.К.Курманов, аға оқытушы С.Е.Сарбаева және тыңдаушылар А.А.Жолдас, Қ.Қобланов, Б.А.Рахметова, А.Ж.Сүндетбаева, А.Жұмабаева, А.Т.Байбақтина, Т.Ж.Ильясова,  Н.Алмағамбетова  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ көлемінде өтіп жатқан  бүгінгі көкейтесті проблеманы қозғаған бұл дөңгелек үстел мазмұндылығымен, бүгінгі практика үшін  құндылығын атап өтіп, мекеме ұжымына ыстық лебіздерін білдірді.    


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33