ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

09 Қараша 2017

Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы

2017 жылдың 30 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттырудағы инновация: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында Республикалық семинар-кеңес өткізіледі.


Семинар-кеңесте келесідей мәселелер қарастырылады:

  • Инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясында ЖОО педагогикалық мамандықтары ОПҚ-ның инновациялық қызметі мен біліктілігін арттыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Инновациялық педагогикалық технологияларды игеру аясындағы үздік педагогикалық және әлемдік тәжірибелерді тарату, оларды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізу;
  • Инновациялық режимде жұмыс істеуші педагогтардың практикалық іс-әрекетін сараптау, инновациялық жобаларды білім беру үдерісіне енгізу.

Аталған іс-шараға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, мамандары және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының әдіскерлері қатысады.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33