ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Басты → Жаңалықтар

08 Қараша 2017

6 қазан 2017 жылы  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты  (ББЖ ҚБАРИ) Халықаралық білім беру бағдарламалары кафедрасының жетекшілігімен «Болашақтың өзекті мамандықтарының келбеті: болжамдар мен тұжырымдар» семинар-тренингін жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларына арналған біліктілік арттыру курсының  44-лектің 1-топ тыңдаушылары ұйымдастырды. Бұл іс-шараға кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Қойлық Н.О., п.ғ.д., доцент Кудайбергенева К.С. және топ эдвайзері Қыдырбек Ө. қатысты.


Мақсаты: жоғары деңгейде өткізілген семинар-тренингтің жаңадан пайда болатын болашақ мамандықтарды заманның ағымынан қалмай, қазірден бастап қалай дайындаймыз деген көкейкесті мәселелердің шешімін табу.

Міндеттері:

1)    қазіргі білімгерлерді болашақта пайда болатын  мамандықтарға қалай бейімдеу;

2)    заманауи-шығармашылық бағыттың жаңа форматқа бейімделген тарихи-мәдени диалог түрінде өткізу.

Семинар-тренинг:

1) «Қазіргі білімгерлерді болашақта пайда болатын мамандықтарға қалай бейімдейміз?» тақырыбындағы дебат;

2)    «Егер де» кілті форматындағы топтық сайыс;

3)    «Білім – санат, өнер –қанат» атты шығармашылық байқаудан тұрды.

Семинар-тренингтің барлық бөлімдері мобильді «Kahot» қосымшасын пайдалану арқылы бағаланып отырды. Бірінші бөлімі дебат түрінде өтіп, болашақта пайда болатын сан түрлі мамандықтар төңірігінде екі топ өз ойларын ортаға салды. Сайысқа түсушілердің қызығушылығын оятқан семинар-тренингтің екінші бөлімінде «Егер оқытушылар орнын роботтар алмастырса...», «Егер жер қойнауында мұнай қоры таусылса...», «Егер ҚР-ның барлық жоғары оқу орындары жекешелендірілсе...», «Егер жастардың патриоттық сезімдері жоғалса...» идеялар шеңберін ұсынды. Қатысушылар сан қилы сауалдың өзіндік мәселелерін табуға қатысты тың идеяларды болашақта өз іс-тәжірибелерінде жүзеге  асыру жөнінде ортақ шешімге келді.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33